Өлең, жыр, ақындар

Автобус

  • 12.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2686
Бара жатқан тізіліп,
Автобусқа қызығып,
Дейді тұрып баласы:
– Әке, әке, қарашы,
Бірін сатып алайық,
Ауылға алып барайық.
Қайран қалсын балалар,
Үлкен-кіші ағалар.
Мінгізбейік өздерін,
Қыздырайық көздерін.
Бала сырын байқады,
Әке басын шайқады:
– Дұрыс емес ойың бұл,
Арғы жаққа мойын бұр.
Сонау жарқын жарықтыр
– Қуаты мол зауыттар.
Онда сансыз жұмыскер
Жасап жатыр тың істер.
Құрал, сайман, киімді,
Түрлі-түрлі бұйымды
Солар жасап береді,
Содан бізге келеді.
Өзіміз де асыға,
Алу үшін машина,
Сонда кетіп барамыз,
Содан сатып аламыз.
Біздің ауыл сәулетті,
Байлығы мол дәулетті
Миллионға жеткіздік,
Артық астық өткіздік.
Сондықтан да енді біз,
Байығандық белгіміз –
Автобусты алуды,
Ауылға алып баруды
Бастық маған жүктеді,
Осы болар күткенің.
Автобусты аламыз,
Ауылға алып барамыз.
Сонда жалғыз сен емес,
Сеніменен мен емес,
Үлкен-кіші, кәрі де,
Ауылдағының бәрі де
Автобусқа мінеді,
Мәз-мейрам боп жүреді.
Егін үшін далаға,
Кино үшін қалаға
Тез жететін боламыз,
Тобымызбен барамыз.
Барсақ-тағы қайда біз,
Өзіміздің пайдамыз...
Сөйтіп, сол күн қаладан
Алды автобус жаңадан.
Бала сонда шаттанды,
Әке ісіне мақтанды.
Өлеңдетіп ауылға
Автобуспен аттанды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмірге менің өкпем жоқ

  • 0
  • 0

Өмірге менің өкпем жоқ –
Шуағын шашты көктем боп.
Қызғалдақ теріп қырлардан,
Талпына бердім бөктерлеп.

Толық

Мен өлсем...

  • 0
  • 0

Мен өлсем, жамағаттар, жиналмаңдар,
Мен үшін уақытша қиналмаңдар.
Біреулер жыламсырап сөз сөйлесе,
Егіліп тұр екен деп иланбаңдар.

Толық

Өмір машинасы

  • 0
  • 0

Өмірді өзегінен қозғайтұғын,
Таппайтын тетіктері тозба тыным,
Көргенде машиналар тізбектерін,
Жан қайда жаны лаулап қозбайтұғын?

Толық

Қарап көріңіз