Өлең, жыр, ақындар

Сегіз қырлы, бір сырлы

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 4008
«Мен мен едім, мен едім»,
Менменсіген ер едім.
Сегіз қырлы, бір сырлы
Жігіт болсам дер едім.
Талайлармен күрестім,
Талайлармен тірестім.
Палуаны сонда да
Бола алмадым күрестің.
Аш күзендей бүгіліп,
Қала бердім жығылып.
Содан кейін бағымды
Сынап көрдім жүгіріп.
Бос мақтанның жолында
Сәтсіз шықты оным да.
Қала бердім алқынып,
Балалардың соңында.
Бірақ, оған саспадым,
Жүгіруді тастадым.
Боламын деп сүңгуір,
Суда жүза бастадым.
Суды жұтып, алайда,
Күлкі болдым талайға.
Боксты да көрмек боп,
Бардым спортсарайға.
Ұрмаған соң боп ұста,
Қиын екен бокс та.
Ұшып түстім еденге,
Соққы тиіп оқыста
Барып көрдім допқа да,
Қуып бердік топ бала.
Болғың келсе ойыншы,
Қақпаға ұмтыл оқтала.
Зыр жүгіру боп құйын,
Жай жүруден көп қиын.
Футболды да тастадым,
Пайда таппай көк тиын.
Жылжи түсіп күнде алға,
Көтерілдік шыңдарға.
Альпинистер албырт қой,
Қиындықты тыңдар ма?
Әйткенімен ол-дағы
Маған оңай болмады.
Шаңғыменен сырғанау –
Таңдағаным сондағы.
Өзімше оңай жорыдым,
Қиын депті оны кім?
Секірем деп биіктен
Тайып кетті тобығым.
Бойда тұрса от өріп,
Болсын қандай қателік?
Үйренейін дедім мен
Зілтемірді көтеріп.
Дей алмаймын жарыттым,
Әй, одан да жалықтым.
Сөйтіп жүріп көп күнді
Текке өткізіп алыппын.
Бәрі шебер достардың,
Ал, мен болсам бос қалдым.
Тұрақсыздық сор екен,
Мақтаншақты қоштар кім?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жанды беруші де, алушы да Алла

  • 0
  • 0

Ешқандай құқы жоқ
Біреу біреудің ағызуға қанын.
Алла өзі ғана алады
Пендесіне берген жанын.

Толық

Үй мен күй

  • 0
  • 0

Тоқсан алты пәтерлік
Үйге кірдік сүйініп.
Жүгімізді әкелдік
Буынып та түйініп.

Толық

Дуэт

  • 0
  • 0

Ардақ пенен Арманды
Көршілері мақтайды.
Өйткені, олар бар маңды
Даң-дұң қылып жатпайды.

Толық

Қарап көріңіз