Өлең, жыр, ақындар

Ләззат қайда

  • Bain
  • 26.04.2015
  • 1
  • 2
  • 19111
Бұл жарыққа шыққан соң,
Іздейді көңілім күн-түні
Қайдасың ләззат, рахат деп,
Таппады сал боп еш мұны.
Ойында ма бос өткен?
Қайғыланған ойда ма?
Жүйрік тазы, сұлу мен,
Қызойнақ иә тойда ма?
Байлықта ма, бірлікте
Бетіне шірігі шықпаған:
Ac, ат беріп, жұрт аузын
Алып, оған ықтаған?
Ләззатты іздеп, көңілім
Аласұрған шарқ ұрып.
Біреуін де осы деп,
Қалмай жүрген бір торып.
Баяулады жалғыз-ақ ,
Мінеки деп тұрақтап.
Ләззаттанып сөзіне,
Қолына кітап, құранды ап.
Айтар сөзім ендігі
Аласұрған көңілге:
Оқу оқы, өнер қу,
Басқалардан түңіл де!
Жұрттың қамын көп ойла,
Уайым-қайғы жеп ойла!
Артта қалған сорлы жұрт
Алға бассын деп ойла.



Пікірлер (2)

Рысбүбі

Керемет

Пікір қалдырыңыз

Эпиграммалар

  • 1
  • 1

Әліби Жангелдинге
Отағасы,
Кеткен соң қар
Істің басы -

Толық

Қазақыес

  • 1
  • 3

Күш кемiдi. Айбынды ту құлады.
Кеше батыр - бүгiн қорқақ, бұғады.
Ерiкке ұмтылған ұшқыр жаны кiсенде,
Қан суынған, жүрек солғын соғады.

Толық

Орал

  • 1
  • 2

Ұзын Орал - күн мен түн шекарасы,
Бір жағы - күн, бір жағы - түн баласы.
Арғы жағы - көк көзді жын ұясы,
Бергі жағы - Түріктің cap даласы.

Толық

Қарап көріңіз