Өлең, жыр, ақындар

Тентек теке

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1192
Тентек Теке бір күні
Сөзге келді күлкілі:
– Ей, Қошқарым, Қошқарым,
Сен бір жүрген мес қарын.
Қашан көрсем салбырап,
Балақ жүнің жалбырап,
Жүрісің еш өнбейді,
Өнерімді көр, мейлі:
Қарғи алам биіктен,
Кем соқпаймын Киіктен, –
Деді дағы бақылдап,
Жарқабаққа жақындап,
Кетті құздан секіріп,
Қалды Қошқар өкініп,
Қарамаған күшіне
Ақымақтың ісіне.
Қошқар жетті ентігіп,
Теке халін көргелі.
Мақтанам деп мертігіп,
Жатыр екен өлгелі.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Май мен баламса

  • 0
  • 0

Мақтанды бірде Баламса:
«Тәттімін, – деп, – Майменен».
Май тұрып сонда адамша
Жауап қатты жайменен:

Толық

Шөлдегі жаңбыр

  • 0
  • 0

Асып белес, белдерден,
Шалғай жатқан елдерден,
Бұлт келіп шөлейтке,
Жауды жаңбыр шелектеп.

Толық

Есектің есебі

  • 0
  • 0

Кейбіреу Есекті Есек дейді,
Есеп білмейді деп есептейді.
Өйткені, дипломы жоқ оқып шыққың,
Бірақ та бар қулықты тоқып шыққан.

Толық

Қарап көріңіз