Өлең, жыр, ақындар

Тыныштық

  • 20.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2112
Шашырап алтын шапағы,
Тамылжып таңдар атады.
Асығып барлық адамдар,
Жұмысқа бара жатады –
Осының аты Тыныштық.
Шашырап алтын шапағы,
Тамылжып таңдар атады.
Моншағын мөлдір шашу ғып,
Субұрқақ көкке атады –
Осының аты Тыныштық.
Қуантып ата, апаны,
Шырқалып сұлу, шат әні,
Бақытты балғын бөбектер
Бақшада ойнап жатады –
Осының аты Тыныштық.
Қызарып барып шапағы,
Алаулап күн де батады.
Қайтады ел де үйіне,
Тындырып ісін сапалы –
Осының аты Тыныштық.
Қызарып барып шапағы,
Алаулап күн де батады.
Бақытты балғын бөбектер
Балбырап ұйықтап жатады –
Осының аты Тыныштық!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Атамның әлдиі

  • 0
  • 0

Баламның сенсің баласы,
Ешкімнің жоқ-ау таласы.
Отырсың ойнап алдымда,
Көзімнің ақ пен қарасы.

Толық

Келші маған

  • 0
  • 0

Көктем самалы
Беттен шамалы
Жайлап желпісе бір болғаны:
Сенің күнің боп,

Толық

Сарқырама мен бұлақ

  • 0
  • 0

Сарқырама жатты ағып, шағылысып шуаққа,
Емдігі бар қастерлі былай деді Бұлаққа
(Тас астынан шылжырап жайлап қана ағатын,
Бірақ, оның аты шыққан емді деп):

Толық

Қарап көріңіз