Өлең, жыр, ақындар

Мәдемі

  • 25.07.2019
  • 0
  • 0
  • 907
Айналайын Мәдемі,
Атың қандай әдемі!
Айтулы қыз болсын деп,
Ата-анаң дәмелі.
Жайма-шуақ жаны бар,
Жарасымды сәні бар.
Аты-дағы ерекше,
Анаң сенің – Сәруар.
Анаң сені қырықта
Тапқандығын ұмытпа.
Алаулаған көңілін
Ешқашан да суытпа.
Досы бар жан ари ма?
Жалғызбын деп нали ма?
Жан құрбысы анаңның,
Ол да анаң – Арина.
Көремін деп көзіңді,
Өбемін деп өзіңді,
Алматыдан келіп тұр,
Таусып тағат-төзімді.
Күміс күлкің тарқамай,
Өсе бергін, қалқам-ай.
Көз алмайды көзіңнен
Әкең сенің Балтабай.
Ешбір мін жоқ бойыңда,
Ешбір мұң жоқ ойыңда.
Бас қосайық, Мәдемі,
Сенің әрбір тойыңда.
Атаң менен анаң бар,
Асқар таудай панаң бар.
Өсе бергін Мәдемі,
Ешнәрсе жоқ алаңдар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Айналайын, балам-ай

  • 0
  • 0

Айналайын балам-ай, алтыным,
Арайланған таңғы нұр, жарқыным.
Күлші, жаным, көңілді көктемдей,
Өзіңменен бақытты әр күнім.

Толық

Кешіккен көктем

  • 0
  • 0

Бұл аспанның түбі түсіп кеткен бе?
Жете алмайа-ақ қойдым сұлу көктемге.
Жапалақ қар жауады кеп, жауады,
Қызғалдақтар құлпыратын көк белде.

Толық

Әке тілегі

  • 0
  • 0

Айналайын түріңнен,
Айналайын тіліңнен.
Тамсандырып тұрсың-ау
Тамылжығын үніңмен.

Толық

Қарап көріңіз