Өлең, жыр, ақындар

Тасқын

  • 26.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1153
Тым қаталсың,
Биіктен
Құлап аққан сел-тасқын.
Ойнақтайсың киіктей
Арасында дөң тастың.
Мың бұралып,
Бұлқынып,
Шоқыларды шайқайсың.
Асау күшпен ұмтылып,
Жолдағыны жайпайсың.
Үйдей тастар қақтығып,
Дөңгелейді қаңбақтай.
Гранитті қақ тіліп,
Шағасың сен жаңғақтай.
Жауыз тасқын,
Өшігіп,
Иілуді білмейсің.
Көп үйлерді көшіріп,
Саз балшықша илейсің.
Неге ғана бұзасың
Бақшаларды,
Егісті?
Неге ғана үзесің
Мәуелерді,
Жемісті?
Қозылар мен жайранды,
Мұның қалай қырғаның?
Сала бермей сайранды,
Дұрыс сабыр қылғаның.
Қыра берсең жаншылай
Адамды да,
Малды да,
Еш болмаса тамшыдай
Сенде ұят қалды ма?
Болсын, бірақ, есіңде,
Басынарсың қашанғы?
Сен секілді кесірге
Адам бөгет жасар бір.
Сенген айла, амалға,
Күшті, жылдам десек те,
Бағынарсың адамға,
Бұғаулаған мезетте.
Бар желігің басылып,
Араларсың бөктерді.
Бау-бақшаға бас ұрып,
Ұмытарсың өткенді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қызғалдақтың түсі

  • 0
  • 0

Қыр астына күн батты,
Қауашағын гүл жапты.
Қара құс боп түн келді,
Түс көреді гүл де енді.

Толық

Демалыс

  • 0
  • 0

Көптен көріспеген,
Бөтелке бөліспеген
Екі дос түйісе кетті,
Құшақтасып, сүйісе кетті:

Толық

Батыр баба Бауыржан

  • 0
  • 0

Бауыржандай батыры бар ел мықты,
Сондай батыр табан басқан жер мықты.
Бар әлемге қазақ атын паш етіп,
Ұрпағына мирас еткен ерлікті.

Толық

Қарап көріңіз