Өлең, жыр, ақындар

Гүлім-гүлім

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2939
Әнін жазған Бейбіт Оралұлы

Аспандағы айым
Нұрын төккен сайын
Алаулайды жүрегім
Сені көрген сайын.
Жалт-жұлт етіп жанған,
Арман болып қалған
Арман, жалған-ай.

Қайырмасы:
Гүлім, гүлім, гүлімсің –
Гүлім деген құрбымсың.
Желбіреп желегің,
Бақытқа бөледің.
Гүлім, гүлім, гүлімсің –
Күлімдеген бір мүсін,
Сен күнбісің?

Сені гүлге балап,
Тамсанамын қарап.
Сағат сайын көрмесем,
Таусылады тағат.
Гүлім, гүлім қызығым,
Гүлім – нәзік үзігім,
Алтын жүзігім.

Қайырмасы.

Айналайын еркем –
Айдындағы желкен.
Өзіңменен бір жүрсек,
Бұл дүние көркем.
Гүлім, гүлім, гүлімсің,
Мәңгі гүлімсің.

Қайырмасы.

Жүрсек те біз қайда,
Таң-тамаша жайда,
Шашу етіп гүл шоғын,
Шаттанамыз, айда!
Бұл өмірдің бәрі гүл,
Бұл өмірдің нәрі гүл,
Бәрі, бәрі гүл.

Қайырмасы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Туғаннан талабымды тұлпар қылып

  • 0
  • 0

Туғаннан талабымды тұлпар қылып,
Ұшырдым үмітімді сұңқар қылып.
Сұлулық, сымбаттылық атаулыға
Тәңірім қойған мені іңкәр қылып.

Толық

Батыр баба Биназар

  • 0
  • 0

Сұлу Сұңқар – тамаша тау етегі,
Биназар деп жүректер лау етеді.
Жақсылығы тисін деп жақсы жанның,
Күмбезіңе көпшілік тәуетеді.

Толық

Емделіңдер, адамдар

  • 0
  • 0

Өмірге келгелі
Бұл жұмыр жердегі
Білмедім, көрмедім
Дені сау пендені.

Толық

Қарап көріңіз