Өлең, жыр, ақындар

Көтер, ана, басыңды

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 5294
(Қайрат Рысқұлбековтің анасына хаты)

Әнін жазған Жоламан Тұрсынбаев

Кешір, ана, қысқа болды ғұмырым,
Үміт артқан құлады бір тұғырың.
Оныменен ортаймайды от басы,
Елі үшін құрбан болса бір ұлың.
Кешір, ана, қасіретті анашым,
Жамандыққа кім қияды баласын.
Желтоқсанның жан жылатқан желінде,
Жауыз жандар жапты-ау нақақ жаласын.

Қайырмасы:
Сабыр, ана, төге берме жасыңды,
Өтті-кетті жауынды күн жасынды.
Қазақпыз ғой мың өліп, мың тірілген,
Көтер, ана көтер, ана, басыңды!

Кешір, ана, саналы да ұлы ана,
Аяусыздан аяушылық сұрама.
Бір боздағың кеткенімен құрбан боп,
Сағыңды ешкім сындыра алмас, сірә да.
Кешір, ана, жан едің ғой тамаша,
Түстім, рас, арым үшін араша.
Қаным күймей қайтіп қарап тұрайын,
Достарымды қабан иттер таласа?

Қайырмасы:
Кешір, ана, ақтығымды білемін,
Кісі қанын жүктейтұғын кім едім.
Адам түгіл торғай екеш торғайдың,
Тіршілігін қорғасам деп жүр едім.
Кешір, ана, аппақ еді тілегім,
Қыршынынан қиылды бір тірегің.
Желтоқсанда баба жолын ұстадым,
Аман болсын қазақ деген ұлы елім!

Қайырмасы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Зарлық пен тарлық

  • 0
  • 0

Жеті балалы біреулерге
Бір бөлме зар болып жүр.
Екі балалы біреулерге
Төрт бөлме де тар болып жүр.

Толық

Кесіп-пішіп дүниенің өлшемін

  • 0
  • 0

Кесіп-пішіп дүниенің өлшемін,
Жаттым балқып құшағыңда мен сенің.
Сол-ақ екен жастығым мен мастығым –
Тегенедей төңкерілген емшегің.

Толық

Бар қызығым өзіңмен

  • 0
  • 0

Бар қуаныш, бар қызығым өзіңмен.
Таса қылғым келмейді еш көзімнен.
От жанарың жүрегімді жаралап,
Тұнық түнім болды ма әсте көз ілген?

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар