Өлең, жыр, ақындар

Жасай бергін, жан әке

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1307
Әнін жазған Әбиірбек Тінәлі

Асқар таусың, жан әке, көк тіреген,
Балалардың тірлігін көп тілеген.
Ұрпақтарың жатқанда өркен жайып,
Әшейін сөз «жастығым өтті» деген.

Қайырмасы:
Балаларың сіз дейді,
Сізді дәйім іздейді.
Жасай бергін, жан әке,
Сексен, тоқсан, жүз мейлі.
Немерең мен шөберең
Тірлігіңді үзбейді.

Әр ұланың әр түрлі маман болып,
Жетегіңде жетілдік адам болып.
Жүре бергін жайраңдап ортамызда,
Қиналма енді біз үшін алаң болып.

Қайырмасы.

Бақыттысың, жан әке, біздер барда,
Біздер барда – өшпейтін іздер барда.
Жасай бергін жар болып жаратушы,
Атар таңнан үмітін үзген бар ма?

Қайырмасы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Білдің бе?

  • 0
  • 0

Аспанда жұлдызға баладым,
Қиыла жүзіңе қарадым,
Сенен Ай жуық деп санадым,
Білдің бе, қарағым?

Толық

Ескерткіш

  • 0
  • 0

Өмірді өлшеп Алла бөле білген,
Өлген ол, өлесің сен, өлемін мен.
Тұрғызсам деп келемін күмбезімді,
Өмірлік өлмейтұғын өлеңіммен.

Толық

Тоғай мен от

  • 0
  • 0

Досты жөндеп таңдағын.
Қиянатшыл, кеудесінде болмаса ар,
Ондай жолдас ор қазар.
Қаскүнемнің қаппау үшін қармағын,

Толық

Қарап көріңіз