Өлең, жыр, ақындар

Мақтанышым – Шиелім

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3727
Әнін жазған Серік Сыздықов

Алтын таңды туған жерім-ай,
Жарқын жанды думан елім-ай,
О-о-о, Шиелім!
Ер Мұстафа Шоқай,
Ер Ыбырай Жақай
Жарық көрген жарқын жерім-ай.
Бекежанов Нартай
Шырқап өткен алтын елім-ай!

Қайырмасы:
Қазақтың ер өрендері,
Дүниеге келген жері –
Туылдым мен де,
Туылдың сен де
Шиеліде.

Әбділда ақын жырлап өлеңмен,
Әсем ән мен жырға бөленген,
О-о-о, Шиелім!
Аты жұртқа мәлім,
Шахмардандай ғалым
Дүниеге келген Шиелім.
Асқар сынды дарын
Орын алған төрден, Шиелім.

Қайырмасы:

Жайындары тайдай тулаған,
Қаз-үйрегі жаздай шулаған,
О-о-о, Шиелім!
Ақ маржандай күріш,
Тарысы мол ырыс,
Сырдың бойы байлық-береке.
Бар қазаққа туыс,
Шиеліде шаттық, мереке.

Қайырмасы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сен үшін, жаным

  • 0
  • 0

Өмірімді,
Көңілімді
Арнадым саған.
Бір ән болып,

Толық

Жылату мен құлату

  • 0
  • 0

Бәрінен де жек көрем,
Айтсам егер шынымды,
Біреу мені жылатқанды.
Бірақ, қызық еп көрем,

Толық

Қоңыздар

  • 0
  • 0

Мен өмірді толқынды теңіз деймін,
Сол толқыннан маржан сөз – кен іздеймін.
Ал, тек қана байлықты мансұқ тұтқан
Туысымның бәрін де қоңыз деймін.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар