Өлең, жыр, ақындар

Махаббат заңы

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2120
Әнін жазған Медеу Арынбаев

Махаббат заңы,
Махаббат таңы,
Махаббат әнін
Жырлайды елдің бәрі.
Қарадым мен де,
Қарадың сен де,
Жанарың демде
Айналды алау демге.
Арманым бір өзің деп ынтық сезіммен,
Созбады қаншама жан қолын саған?
Кезіктім ойда жоқта сылқым өзіңмен,
Тоғысып сол бір сәтте жолым саған.
Жүрегім жалын,
Жүдеді халім,
Біл емін, жаным,
Түсірдің көп азапқа.
Не керек бұл күн?
Көбелек құрбым,
Ебелек ғұрпың
Айналмасын мазаққа.
Қасымнан өте бердің бұрмай басыңды,
Көңілім су сепкендей тез басылды.
Ыстық қан жүрегімде тулай тасынды,
Төгуге аз-ақ қалып көз жасымды.

Қайырмасы:
Өзіңді көргенімде, сезімді тербедің де,
Керемет құлай сүйіп, сенбедім бе?
Жарқ еткен сол сезімнің жалп етіп сөнгені ме?
Махаббат деген ұғым өлгені ме?

Дүние зырылдап дөңгелене береді,
Әсем ән ғашықтарды тербейді.
Өмірде бәрі де кезегімен келеді,
Махаббат – мәңгі жастық, өлмейді.
Есілдің, жаным,
Кешірдің бәрін,
Өсірдің, жаным,
Мәртебемді жоғары.
Шалқытқан әнді,
Балқытқан тәнді,
Өзіңдей жанды
Мен көргенім жоқ әлі.
Кәнеки, махаббат жырларын жырлайық,
Лүпілін жүректердің тыңдайық.
Аңсаған арманға жеткенше тынбайық,
Тынбайық, басқаға көңіл бұрмайық.

Қайырмасы.

Махаббат заңы,
Махаббат таңы,
Махаббат әнін
Жырлайды елдің бәрі.
Қарадым мен де,
Қарадың сен де,
Жанарың демде
Айналды алау демге.
Арманым бір өзің деп ынтық сезіммен,
Созбады қаншама жан қолын саған?
Кезіктім ойда жоқта сылқым өзіңмен,
Тоғысып сол бір сәтте жолым саған.

Қайырмасы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дәніккен Данай

  • 0
  • 0

Данай шикізат дайындайтын,
Еш нәрседен де тайынбайтын.
Түйені түгімен,
Биені бүгімен

Толық

Барлық мадақ Аллаға

  • 0
  • 0

Иесі бар ғаламның,
Барлық мадақ Аллаға.
Алла деген адамның
Серігі иман қайда да.

Толық

Папамның әлдиі

  • 0
  • 0

Сықыр-сықыр бесігің,
Үйде жоқ мамаң, несі мін.
Папаң отыр әлдилеп,
Уайымсыз өс ұлым.

Толық

Қарап көріңіз