Өлең, жыр, ақындар

Бала дауысы

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1332
Әнін жазған Ғалым Есімбергенов

Бал қылықты бала –
Тірлігіміз,
Нұр гүліміз.
Ла-ла-ла, Ла-ла-ла.
Бұл өмірде бала –
Бастауымыз,
Асқарымыз.
Ла-ла-ла, Ла-ла-ла.
Атқанда ақ таң,
Балауса бақтан
Қанатын қаққан
Бала-бақ құсымыз.

Қайырмасы:
Бала дауысы –
Мөп-мөлдір бұлақтың сыңғыры.
Бала дауысы –
Жайқалған құрақтың сыбдыры.
Бала дауысы –
Өмір мәні,
Көңіл әніміз.

Бүгінгі жас бала –
Өркен, үміт,
Ертең жігіт
Ла-ла-ла, Ла-ла-ла.
Бала – дарқан дала –
Кеңдігіміз,
Елдіміз.
Ла-ла-ла, Ла-ла-ла.

Қайырмасы:

Бала дауысы –
Сүйкімді сұлу саз сырнайлы.
Бала дауысы
Арынды ағындай тынбайды.
Бала дауысы
Мәңгілік өмірді жырлайды.
Әсем әуен –
Бала дауысы.

Рэп:
Бала, бала,
Баласың сен, бала.
Жаңылма, жүрген жолың сара.
Ла-ла-ла, Ла-ла-ла
Баласың,
Дарасың,
Данасың.
Табасың бақытыңды, бала.
Бала дауысы –
Жайсаң жаңғырық.
Бала, бала,
Бала дауысы –
Шырқап әнді,
Тынбас мәңгі.
Бала дауысы –
Мәңгі қайнар қуат,
Мәңгі сөнбес шырақ.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кеш жарық

  • 0
  • 2

Кел, балақай, кеш жарық,
Қалып жүрме кеш қалып.
Кеш жарықты бастайық,
Көп қызықты еске алып.

Толық

Кешірім

  • 0
  • 0

Ата менен ана
Өзі тапқан бала
Қателіктер жасап,
Келтірсе де нала;

Толық

Жолаушы

  • 0
  • 0

Еш нәре жоқ ойымда, жайбарақат жол еді,
Жолсерікпен шәй ішіп отырғаным сол еді.
Өте бердің қасымнан қас-қабағың қиылып,
Отқа түскен торғайдай кетті жүрек жиі ұрып.

Толық

Қарап көріңіз