Өлең, жыр, ақындар

Алып патша аңызы

  • 29.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1128
Карловы Вары –
Елтіген көңіл көркіне.
Сулары дәрі –
Мың да бір дауа дертіңе.
Біреулер жылда
Емделу үшін барады.
Біреулер мұнда
Сауық пен сайран салады.
Карловы Вары!
Карловы Вары қайдалап,
Ағылды бәрі,
Ағылды патша, бай-манап.
Бәрі де барды –
Суретші, ақын, дана да.
Бәріне қанды,
Жастар да жарқын қалаға.
Ішінде жүрді
Петрдей* алып патша да.
Ойнады, күлді –
Кенде ме патша ақшаға?
Қалада халық
Қаншама тығыз жүргенмен,
Қалады танып
Көрген жан оны бірденнен.
Теректей биік,
Алыстан бойы көрінген.
Тік келіп иық,
Жауырын жалпақ керілген.
Болғанмен алып
Осылай сыртқы тұлғасы,
Ақжарқын анық,
Әркімнің досы, сырласы.
Бір елге білдей
Патшамын деп жатпайды.
Жалпыға бірдей
Сыпайыгершілік сақтайды.
Бірде ол шебер –
Балтасын мықтап саптайды.
Көрсетіп өнер,
Жатқаны жонып тақтайды.
*Петр 1 – орыс патшасы
Карловы Варға
Өзіндік үлес баптайды.
Ұзақты таңға
Соны ойлап тыным таппайды.
Ақыры Петр
Тамаша бір үй тұрғызды.
Апыр да топыр,
Бұл күні думан шын қызды.
Петрді мақтап,
Бокалдар талай босады.
Арулар әппақ
Шалқытып әнге қосады.
Жаңғырды жан-жақ,
Көңілдер көлдей тасыған.
Патшаны маңдап,
Кетпейді қыздар қасынан.
Бусанған балқып,
Желпінтіп желек жастарды,
Қызыққа тартып,
Әр түрлі ойын басталды.
Жүгіру, күрес,
Ән салу, билеу, ат ойын...
Қосты әркім үлес,
Қыздырып өнер атойын.
Айрықша артық
Ат ойын болды ақ берен..
Тікелей тартып,
Шоқыға шығу атпенен.
Бір бөшке шарап –
Жеңіске жүлде тігілді.
Тұрды жұрт қарап,
Доғарып сәтке күбірді.
Қатерге мұндай
Барады кімнің батылы?
Зор Петр қыңбай:
– Мен шығам! – деді ақыры.
Бірақта, маған
Табыңдар мықты арғымақ.
Ерсіз-ақ шабам,
Үстіне жайдақ қарғып ап.
Айтқаны болды,
Бет қойды Петр шоқыға.
Оңды да солды
Біреулер жатты шоқына.
Шаншылып шоқы,
Карловы Варға төніп тұр.
Шулаған тобыр
Петрдің ісін көріп тұр.
Осы ұлы адам
Не деген көзсіз ер еді?
Сәл тайса табан,
Соғылып тасқа өледі.
Шабытты шапқын,
Жататын кез бе жай таңдап?
Арғымақ аттың
Барады белі қайқаңдап.
Орасан ауыр
Отырса патша, оңай ма?
Сорпа боп сауыр,
Алқынды алғаш орайда.
Барады Петр
Жер сызып ұзын аяғы.
Енді он метр...
Шығуға шыңға таяды.
Төменде халық,
Демдерін іштен алып тұр.
Титықтап барып,
Тоқтады аты талып бір.
Петр тез тұрып,
Үстінен қарғып түсті де,
Бауырына кіріп,
Көтерді атты – күш, міне!
Бес-алты қадам
Апарып атты қойды да,
Алпауыт адам
Кірісті қайта ойнына.
Арғымақ бұл жол
Қайратын жинап ақырғы,
Құралсыз құр қол
Шығарды шыңға батырды.
Қуанды халық
Бұл жеңіс үшін аса шын.
Ұранды салып:
«Жасасын Петр, жасасын!»
Кәрі де, жас та
Петрге қарай жүгірді.
Бөшкені басқа
Көтеріп патша сімірді.
Шараптан шырын
Талайлар тамсап татты дәм.
Болмаған бұрын
Қызыққа сол күн батты маң...
Карловы Варда
Болатын болсаң дүрмекпен,
Петрге бар да,
Басыңды игін құрметпен.
Достасып жатса
Ол жерге барып сан адам,
Жат елдік патша
Зор бақыт оны санаған.
Шыңырау шыңда
Шолады сұлу қаланы.
Тас мүсін тұлға –
Орыстың ұлы адамы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сатирик Садықбек

  • 0
  • 0

Қасында екі баласы,
Қырықта жасы, шамасы,
Одаққа келді бір әйел,
Ақысы бардай аласы.

Толық

Ептібек

  • 0
  • 0

Естігенбіз Ептібек
Ертедеп-ақ епті деп.
Тақырыппеи бір ғана
Аты алысқа кетті деп.

Толық

Сыпырғы

  • 0
  • 0

Сыпырғы үлкен абыройға бөленді –
Сыпырмайтын болды енді еденді:
Мырзалардың тапсырылды шекпені,
(Әсті, мастау күтушілер шептегі)

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер