Өлең, жыр, ақындар

Мінез

  • 29.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1077
Сендім бе екен біреуге – сенем мықтап,
Ердім бе екен біреуге – ерем мықтап.
Әсте, екі сөйлеуім мүмкін емес,
Сенімімді селт етпей өлем құптап.
Кетістім бе біреумен – оралмаймын,
Қаңтардағы бұрқасын борандаймын.
Бірде жайсаң, сылыңғыр бірде лайсаң,
Әрі-сәрі бұлыңғыр бола алмаймын.
Ұнаттым ба біреуді – қатты ұнатам,
Шат бұлағын көңілдің шапқылатам.
Ақ жарылып алдында атқан таңдай,
Күміс күйді кеудемнен атқылатам.
* * *
Белдік керек адамға,
Белдік керек,
Белді бекем буатын теңдік керек.
Егер, белдік болмаса, нетер едік?
Былқ-сылқ етіп, болбырап кетер едік.
Кеңдік керек заманға,
Кеңдік керек,
Батыл басып жүретін теңдік керек.
Егер, кеңдік болмаса, нетер едік?
Көсіле алмай, құрысып өтер едік.
Елдік керек әманда,
Елдік керек,
Ел менен ел жарасар теңдік керек.
Егер, елдік болмаса, нетер едік?
Қырқ пышақ боп қырқысып өтер едік.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жыл санау

  • 0
  • 0

Жылдарменен таныс:
Тышқан, Сиыр, Барыс.
Әрі қарай бұдан:
Қоян, Ұлу, Жылан.

Толық

Домбыралы төбелес

  • 0
  • 0

Хабарланып қауымға,
Концерт келді ауылға.
Тайлы таяғымызбен,
Өгіз аяңымызбен

Толық

Табынып таланттыға бас иетін

  • 0
  • 0

Табынып таланттыға бас иетін –
Әуелден бойға біткен қасиетім.
Іштарлық, арам пиғыл болған емес,
Жолына өзгелердің тас үйетін.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар