Өлең, жыр, ақындар

Көздерің күліп тұрды

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1671
Көздерің күліп тұрды,
Керемет сыр ұқтырды.
Сүйкімді сөздеріңе
Жүрегім жылып тұрды.
Бар нұрын биік көктің
Басыма үйіп-төктің.
Сол жолы өзіңді мен
Қалтқысыз сүйіп кеттім.
Бір досым былай шыға,
Сыр айтты сынай, сірә:
«Біреуге сене қалсаң,
Біржола құлайсың, ә?
Ақкөңіл аңғалым-ай,
Алдыңда аңда былай:
Лапылдап ере берме
Көрінген жанға бұлай.
Көзіңше күліп тұрып,
Ішіңе кіріп тұрып,
Біреуге жамандайды,
Сыртыңнан ұлып тұрып».
Досыма қосылмадым,
Тура айттым,
Тосылмадым:
«Орынсыз,
Жанға сенбей,
Осынша шошынғаның.
Жансын деп әманда ізгі ой,
Сол үшін алаңбыз ғой.
Түлкі емес, қасқыр емес,
Бауырмал адамбыз ғой.
Ешкіммен күндес емен,
Сенген соң мүлде сенем.
Адамға сенбегенде,
Айтшы өзің,
Кімге сенем?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сәулетті біздің Алматы

  • 0
  • 1

Қымбатты қаламыз,
Сымбатты қаламыз.
Қызыға қараңыз,
Туған үй санаңыз.

Толық

Жеңешем

  • 0
  • 0

Аспанда айға теңесем,
Асыра айтты деме сен.
Өзіңнен артық жан бар ма,
Жеңешем, менің жеңешем?

Толық

Жалғасу

  • 0
  • 0

Айналайын ұлым-ай,
Құлдыраған құлын-ай,
Шырқау биік шыңым-ай.
Болмаса егер шыңым-ай,

Толық

Қарап көріңіз