Өлең, жыр, ақындар

Әркімнің есебі бар

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 985
Бұл күнде әркім ойлап бас пайдасын,
Тегіннен тегін, сірә, аспайды асын.
Бір ісі түсе қалса, күле тұрып,
Құшағын қуанышпен ашпайды, ә, шын.
Әркімнің өзінше бір есебі бар,
Өскенді көре алмайтын өсегі бар.
Алдыңда айламенен қырқ құбылып,
Артынан атып қалар кесегі бар.
Біреуден біреу бүгін ассам деп жүр,
Көзге ұрып байлығыммен тассам деп жүр.
Аңдасаң, ақыл арзан, қызмет қымбат,
Біреудің жылы орнын бассам деп жүр.
Біреуді біреу аңдып, тымырайған,
Қайтпайды пайдасы үшін кім райдан?
Айтқан сөз, берген уағда босқа қалып,
Құдаң да қиыс кетіп, қыңырайған.
Бір билік болмаса егер уысыңда,
Сытылып сырт айналар туысың да.
Деп жүрген өзегімді жарып берем,
Көп достар көз алдыңда суысуда.
Дос дейтін жігіттің шын досы бар ма?
Бөлуге, болмаса жоқ қосыларға.
Көзіңді ала бере көз қысады
Жарыңа жаныңдағы,
Осы да ар ма?
Жиен мен жігі ашылған нағашының,
Арадан ұшып өткен ала шыбын.
Жалғанда жанымды ұғар жан қалмады,
Жалғыз-ақ жырларым боп бар асылым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Талас

  • 0
  • 0

Байқасаңдар, қарақтар,
«Талас» деген шарап бар.
Болса да арзан бағасы,
Артықша қызу шамасы.

Толық

Қарлығаш пен құзғын

  • 0
  • 0

Өртеніп жатты бір өзен,
Болмаса-дағы ұлы өзен,
Алайда, ауыл-аймақтың
Бақыты еді бұл өзен.

Толық

Шындық пен өсек

  • 0
  • 0

Кісі сөзін кісіге
Таси көрме, қарағым.
Ізгі жанның ісі ме
Жігін ашу араның?

Толық

Қарап көріңіз