Эссе және өлең-жыр байқауы

Қазақ тілі

  • Bain
  • 26.04.2015
  • 1
  • 24
  • 43227
Күш кемiдi, айбынды ту құлады,
Кеше батыр – бүгiн қорқақ, бұғады.
Ерiкке ұмтылған ұшқыр жаны кiсенде
Қан суынған, жүрек солғын соғады.

Қыран құсты қос қанаты қырқылды,
Күндей күштi күркiреген ел тынды.
Асқар Алтай — алтын ана есте жоқ,
Батыр, хандар — асқан жандар ұмытылды!

Ерлiк, елдiк, бiрлiк, қайрат, бақ, ардың, —
Жауыз тағдыр жойды бәрiн не бардың...
Алтын Күннен бағасыз бiр белгi боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тiлi, сен қалдың!

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тiлiм,
Таза, терең, өткiр, күштi, кең тiлiм,
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тiлiм!

Басқа да өлеңдері

Зар

  • 1
  • 1

Күз жетіп, жердің жүзі солғын тартса,
Алтын күн нұры кеміп, салқын артса,
Жер жүзі өлім күтіп тұрса жылап
Сексенде селкілдеген байғұс қартша.

Толық

Қысқы жолда

  • 0
  • 9

Қараңғы түн, сары дала,
Көрінбейді айнала.
Боран соғып тұр борап,
Жолды басқан құр сорап.

Толық

Айрылдым сенен, жан сәулем

  • 1
  • 2

Айрылдым сенен, жан сәулем,
Көруге енді жоқ үміт.
Бірақ соңғы сөздерің
Кетпейді естен боп ұмыт.

Толық


Пікірлер (24)

Гүлнара

КЕРЕМЕТ өлең осы өлеңмен 1-ші орын аламын

Аселя Амангелді

керемет

Жангул

Осы оленмен бас жулде менки болады

нурбол

керемет мен бул оленди жаттап алемге айгили етем

????

мағжан ағамыз өте жақсы жазған керемет

Дина

Сонгы екы жолды озгерткен... негызы солай болу керек:
Таралган турык балаларын бауырына
Ак колынмен тарта аларсын, сен тылым!

Айгерім

Оте керемет

Айдана Асанбай

Мағжан атамыз дарынды ақын

асель

өте әдемі өлең керемет

Birjan

бул жерде кушти олендер бар екен

???????

Өте керемет өлең

Диля

Маған қазақ тілі өлеңі қатты ұнайды

Лол

Қандай ортақ ой бар? Қандай ерекшелік бар?

Нұржанқызы Шапағат

Өте жақсы болды

Алина

бұл өлең шын жүрекпен жазылған

шапағат

мағжан атамыз қазақ тілінің тазалығын, өткірлігін,
тереңділігін келешек ұрпаққа насихаттап отыр десем қателеспеймін.

Нұрислам

Өте керемет!Маған ұнады.Осы өлеңді жарыста айтсам деймін.Жарайсыз,Мағжан ата!

Мерген

Мағжан ағамыздың ұранды сөздері еліміздің жастарына жігер береді. 1993 жылы Ақтөбе облысы. Әйтекеби ауданының орталығында қазақ мектебі ашылған еді. Сол мектептің атын М.Жұмабаев деп беріп едім қазір қуанам...

Мейрамбек

Маған өте ұнады осы өлеңді жарыста айтамын. Тағыда достар сендерге жарыс қай күні

ЖАНЕРКЕ

Өте керемет өлең . Мағжан ағамыз осы өлеңді өте мағыналы жазған. Керемет .

Зарина

Кушті өлең керемет

???????????????????????????? ????

Керемет өлең! Оның мағынасы мен тереңділігі әркімнің жанына кірулі.Мағжан Жұмабаев сол уақытта,қателеспесем,тұтқында Кореяда болды.Ұлы ақын біз үшін,біздің қазақ еліміз,тіліміз және тәуелсіздік үшін күрескен.Алаш партиясын атып тастаған кезде қазақтар оянды.Біз сіздерді,сізді ешқашан ұмытпаймыз Мағжан аға!қазір осы жерде,осы елде тұратымыма мың алғыс

Перизат

Керемет тамаша

Айгерім

өте керемет тамаша

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...