Өлең, жыр, ақындар

Таң

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 859
Шығыстан сәуле шашып таң келеді,
Тербетіп төсегінен жан денені.
Шырыдап шырқай ұшқан молдаторғай
Көңілге құйқылжыған ән береді.
Жайқалтып желектерін гүл бөбегі,
Көрініп көкжиектен күн келеді.
Оянып ұйқысынан ой менен қыр,
Ойыңды ойнақшыған үн бөледі.
Сыңғырап күміс күлкі қыр асады,
Сылдырап ерке бұлақ сыр ашады.
Айқай-шу, талас-тартыс, әсем әуен –
Бәрі кеп бір арнаға ұласады.
Жүректің жарып шығып асқақ әні,
Жаңғыртып әкетеді аспан әрі.
Аз ғана аялдан соң алға тартып,
Қайтадан қызу өмір басталады.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қадалып сасық тұмау

  • 0
  • 0

Қадалып сасық тұмау,
Қуатым қашып тұр-ау.
Бұралған бәйшешекті
Көктемге асықтым-ау.

Толық

Еріншек

  • 0
  • 0

Төсекте керіліп жатты,
Жалқаулыққа беріліп.
Тіпті сағатқа қарау үшін,
Көзін ашуға ерініп..

Толық

Басшы піл

  • 0
  • 0

Болғанымен күшті кім,
Болса, бірақ, санасыз,
Әрі жұмсақ мінезді – бәлеге одан қаласыз.
Келді орманға басшы болып күшті Піл.

Толық

Қарап көріңіз