Өлең, жыр, ақындар

Зауал

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 807
Кейбіреудің көргенде арамдығын,
Арашаға түседі адамдығым:
«Тақсіретін тартады түбінде бір,
Жасағанмен қиянат саған бүгін».
Ар алдында ақылға ерік берем,
Әділеттік жолымен еріп келем.
Алдау менен арбауды кәсіп еткен
Қаныпезер қуларды көріп келем.
Болса-дағы жазалы, шын кінәлі,
Жасап бағар сұмдығын, мүмкін, әлі.
Әр қылмыстың қайтатын зауалы бар,
Арамдардың ақиқат бір құлары.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Орыссыз орыс мектебі

  • 0
  • 0

Естімеген елде көп,
Есек мінген пенде көп, –
Деген сөзді естігелі,
Етек жиып, ес білгелі,

Толық

Бөрі мен бөлтірік

  • 0
  • 0

Бөлтірігін Бөрі ептеп оқытып,
Айтып ата кәсібін,
Көзбен көріп қайтсын деп өз нәсібін,
Жіберді оны қыр астына шоқытып.

Толық

Қазахабар

  • 0
  • 0

Мен – қазахабармын,
Жасырып-жаба алмаймын,
Өлімді хабарлаймын,
Мені естіп мазаланар кім?

Толық

Қарап көріңіз