Өлең, жыр, ақындар

Талғар

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1217
Алыстан арман етіп асқарыңды,
Келемін баяу басып тастарыңды.
Бұлт ойнап ерке қыздың тұлымындай,
Бүркейді дөңгеленген аспаныңды.
Аралап қарағайлы шатқалыңды,
Келемін тамашалап бақтарыңды.
Ұқсатам батырға тән дулығаға,
Көк сүйген көз ұшында ақ қарыңды.
Мұнда жоқ жапан дала атырабы,
Шыңдары шабытымды шақырады.
Ышқынып өзендерің құз түбінде,
Жыландай отқа түскен атылады.
Бір қырат бір қыраттан биік жатыр,
Төбесі зеңгір көкке тиіп жатыр.
Қоршаған айнала құз, жайнаған мұз.
Бетіңді құшырлана сүйіп жатыр.
Қалайша бұрын сені аңғармағам?
Жол аштың таңғажайып, Талғар маған.
Келемін көтеріліп бірте-бірте
Шаңқайған шыңдарыңа жан бармаған.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ырым

  • 0
  • 0

Бұл әңгіме бұрын болған,
Бұрын болғанда – ұрын болған.
Ұл таппаған әйелдерге
Еркектер қырын болған.

Толық

Қасқыр мен түлкі

  • 0
  • 0

Зат болса егер керексіз,
Мырзамыз-ау ерек біз.
Бұл мысалды, демек, біз
Жеткізбекпіз шындықтың бір шетіне.

Толық

Қазахабар

  • 0
  • 0

Мен – қазахабармын,
Жасырып-жаба алмаймын,
Өлімді хабарлаймын,
Мені естіп мазаланар кім?

Толық

Қарап көріңіз