Өлең, жыр, ақындар

Кітапханада

  • 30.07.2019
  • 1
  • 0
  • 2939
Ақырын бас аяғыңды,
Тықырлатпа таяғыңды.
Түкірме де, түшкірме де,
Тамағыңа таяп үнді.
Қара, қалқам, маңайыңа,
Жолдасыңа, ағайыңа.
Жүрген жоқсың бақша аралап,
Кірдің білім сарайына.
Мұнда небір дарын да отыр,
Ақ сақалды ғалым да отыр.
Көз жүгіртіп келешекке,
Жас қарындас жаныңда отыр.
Сақтау керек саған әдеп,
Кісіге тік қарама көп
Көпшіліктің көңлін бөлу –
Қашаннан да жаман әдет.
Бұл – қастерлі кітапхана,
Мұнда бары кітап қана.
Ғылым іздеп келгеннен соң,
Алаңдама, кітап қара.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Оразаң қабыл болсын

  • 0
  • 0

Оразаң қабыл болсын, мұсылмандар,
Аллаға мойынды шын ұсынғандар.
Алла шын мейірімді, кешірімді,
Күпірлік жасасаңдар, қысылмаңдар.

Толық

Көзжұмбай

  • 0
  • 0

Төсекте керіліп жатты,
Ұйқыға беріліп жатты.
Ең арысы, сағатқа қарау үшін,
Көзін ашуға да ерініп жатты.

Толық

Шаруа мен ит

  • 0
  • 0

Бай адамға сараң бір
Күзетем деп қораңды,
Бір Ит келіп жалданды,
Пісірмекші әм нанды,

Толық

Қарап көріңіз