Өлең, жыр, ақындар

Такси

  • 01.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2741
Ала таңнан асығып жұмысыма,
Шығып едім көшенің бұрышына.
Қасыма кеп бір такси тоқтай қалды,
Міне салдым ырза боп мұнысына.
Жүргізуші сыпайы жігіт балаң,
Сөз тастады кіршіксіз күліп маған:
«Алғаш мінген жолаушым құтты болса,
Сол күн Тәңір жарылқап, дұрыс табам.
Көлдей шалқып көңілім, сол күні мен,
Анау-мынау аңғармай олқыны мен,
Жанымдағы жандармен әзілдесіп,
Аға берем жасыл жол толқынымен.
Алғаш мінген жолаушым алаң болса,
Ренжулі не тұйық адам болса,
Қызыл жанып көлденең көше сайын,
Ол күні мен олжасыз қалам сонша.
Жан екенсіз жайдары, жылы жүзді,
Бірден баурап алдыңыз ініңізді.
Қайда асығып барасыз?
Кім боласыз?
Айтыңызшы, ағатай, шыныңызды».
«Иә, қалқам,
Әр таңның ырысы бар,
Күтіп тұрған әр жанның жұмысы бар.
Кешігуге болмайды уақыттан,
Сәл кешіксең, тірліктің қыры сынар.
Ал, мен өзім – көп жұрттың біреуімін,
Жан біткенге жасылық тілеуі мың.
Арман қуып таксилер аға берсін,
Асыққанға бола біл сүйеу, інім».



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шалқайып шықтым үйіңнен

  • 0
  • 0

Қыдырып бара қалып ем,
Үйіміз тар деп қысылдың.
Әрине, базар барымен,
Жаныңды дарқан түсіндім.

Толық

Жаңа жыл

  • 0
  • 0

Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жаңа жылда жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.

Толық

Көкбұлақтың қойнауы

  • 0
  • 0

Көкбұлақтың қойнауы
Жерұйықты жер екен.
Таусылмайтын тойлауы,
Тамашалы ел екен.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар