Өлең, жыр, ақындар

Тәңірмен тілдесу

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 957
1. Сауал
Құдай-ау,
Жоқсың,
Барсың ба?
Бар болсаң,
Кеңсің,
Нарсың ба?
Қолында билік, байлық жоқ,
Пендеге біздей тарсың ба?
Әлемге жеке әмір деп,
Табынып жүрміз Тәңір деп.
Пенделер болса бір-бірін
Жәбірлеп жатыр, қабірлеп.
Құдай-ау,
Неге көрмейсің?
Жақындап неге келмейсің?
Қаныпез, қаскөй жандардың
Жазасын неге бермейсің?
Билігі тұрса ғаламның,
Ағызып көзін арамның,
Әділеттікті орнатып,
Тілегін берші адалдың.

2. Жауап
Иесі өзім теңгерер,
Алдымда әлем дөңгелер.
Қадірім қалмақ қаншалық,
Қасымда жүрсе пенделер?
Сондықтан, жұмбақ тұрағым,
Мүкісіз көзім, құлағым.
Есітіп, көріп бәрін де,
Бақылап, сынап тұрамын.
Ақылға, миға қонымды
Көрсеттім тура жолыңды.
Жүретін болсаң сонымен,
Жұмақтан берем орынды.
Келмейтін иман қалыпқа,
Азаптың жолы анық та:
Еретін болсаң сайтанға,
Түсесің тозақ-тамұққа.
Қайсысы керек даңғылдың?
Қалауын еркін қалдырдым.
Алданып қалсаң аңдаусыз,
Жазғаны деме тағдырдың.
Қиямет күні таза сын,
Келтіріп қылмыс назасын,
Бетімен кеткен пенделер
Тартады сонда жазасын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

От жүрегім – тоғыз жолдың торабы

  • 0
  • 0

От жүрегім – тоғыз жолдың торабы,
Өткен-кеткен жолаушылар қонады.
Талайына деміккенде дем беріп,
Талайларын жылуымен орады.

Толық

Таулар

  • 0
  • 0

Таулар, таулар орасан
Шырша тұнған шатқалы.
Қарағайға қарасаң,
Сарбаздардай саптағы.

Толық

Мұзайдын

  • 0
  • 1

Алматы керемет қала ғой,
Алатау айрықша дара ғой.
Көрікті жерлері жетеді,
Бірінен біреуі өтеді.

Толық

Қарап көріңіз