Өлең, жыр, ақындар

Ақын жаны

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1893
Бұл өмірден өткен ғой талай ақын,
Талай ақын болады қалай ақын?
Патша менен паңдарды мақтай берсе,
Атанады ардақты сарай ақын,
Сарай ақын – сатқынды малай ақын.
Нағыз ақын ханнан да қорықпаған,
Секем алып сұмдардан, солықпаған.
Қиялымен қиырсыз шолып ғалам,
Кеңістікте қырандай қалықтаған,
Шалқар теңіз шабытпен шарықтаған.
Қызықпаған байлық пен бағыңа да,
Қызықпаған мансап пен тағыңа да.
Жалынышты болмаған жарына да,
Жақынына білмеген жағына да,
«Тас құдайға» білмеген табына да.
Ақын жаны әрқашан алда болған,
Ақын жаны арайлы таңда болған.
Ақын жаны адамдық арда болған,
Бар байлығы – иманы таңдап алған,
Сыйынары тек қана Алла болған.
Ақындықты, өйткені, Тәңір берген –
Құлдарына сүйікті тәуір көрген.
Асыл сөздің айтылар мәнін берген,
Тура билік, тайсалмас тәлім берген,
Пенделерді жақта деп жәбір көрген.
Байқап тұрсаң, адам аз ақтайтұғын,
Имандықты адам аз сақтайтұғын.
Аз ғана топ мал жинап таппай тыным,
Қалың жұртты жаныштап таптайтұғын,
Қай жерің бар оларды жақтайтұғын?
Несіне ақын ел жырын жырламаса?
Несіне ақын ел мұңын мұңдамаса?
Несіне ақын ел сөзін тыңдамаса?
Тасбақадай алмаса қырдан аса,
Ақын емес, айтқаны құр далбаса.
Ақындықты сыйлаған Алла неден?
Берерінде: алдыңды аңда деген,
Айтарыңды асықпай қамда деген,
Бірі – атақ, біреуі – арда деген,
Екі жолдың біреуін таңда деген.
Бұл өмірден өтпеген нелер ақын?
«Шөңге де өлең, шөп те өлең» деген ақын,
Санағанмен өздерін ерен ақын,
Болмай қалар біртіндеп керек ақын,
Көпке бармай ұмыт боп өлер ақын.
Келер әлі өмірге талай ақын,
Талай ақын – сайраған сарай ақын,
Сарай ақын – әрине, малай ақын.
Қазағым деп нұр шашқан арай ақын –
Екінші рет тумайды Абай ақын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күн

  • 0
  • 0

Балақай,
Сені шын
Тынымсыз өбемін.
Жерге де сен үшін

Толық

Құмырсқа

  • 0
  • 0

Бір Құмырсқа күшті бопты ересен,
Өмір сүрген өте ерте заманда.
Тіпті бар ғой (тарихшы айтқан не десең)
Қос арпаны көтере алған табанда!

Толық

Сырашыл сарбаз

  • 0
  • 0

Сабазың сыра сатты,
Сатқанда қыра сатты.
Білегін түре сатты,
Көбігін үре сатты.

Толық

Қарап көріңіз