Өлең, жыр, ақындар

Тұрардың толғауы

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2895
(Тұрар Рысқұловқа)

Туылған тар заманда Тұрар едім,
Елім деп еңіреген ұлан едім.
Қолымда құдіретті билік болса,
Тарихты тура жолға бұрар едім.
Мың өліп, мың тірілген қазағым-ай,
Аз ба еді арқалаған азабың-ай?
Тауқімет тартқызатын қайта-қайта,
Тағдырдың тәлкегін-ай, мазағын-ай.
Алқакөл ақтабанды шұбырынды
Аямай созған еді сіңіріңді.
Жаулармен жағаласқан қан майдандар
Қаншама қырқып кетті ғұмырыңды?
Ел едік жаралмаған мұңдық үшін,
Көз көрді жауыздардың сұмдық ісін.
Жатқанда бауырларым баудай түсіп,
Шыбын жан шырқырады шындық үшін.
Ойранды «отыз екі» малыңды алды,
Отады «отыз жеті» дарындарды.
Тұқымың біржолата құри жаздап,
Әйтеуір, шығар-шықпас жаның қалды.
Қаншама шайқатылып шаңырағы,
Қаншама оттың басы қаңырады?
Қалғаны көшіп кетіп, босып кетіп,
Аһ ұрып атамекен аңырады.
Қиянат, көрген қорлық бір бұл емес...
Біржола құрып кету мүмкін емес.
Құлпырған көктемдегі қыраттардай,
Қалайша өртең орны дүркіремес?
Төсекте тыныш жатқан түнің бар ма?
Төскейде тартыспаған күнің бар ма?
Қайтадан қабырғалы ел боларсың,
Қылыштай тілің барда, ұлың барда.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мезгілсіз қонақтар

  • 0
  • 0

Ұйқасшылдың үйіне
Барған едік үйіле.
Бірақ та, оның ойлары
Прозамен, өлеңмен араласып қайдағы,

Толық

Жайлауда

  • 0
  • 0

Өткізген ем аз күнді,
Жайлау қандай тым қызьқ.
Деді атам: «Бас білдір», –
Асау тайға мінгізіп.

Толық

Қызығу

  • 0
  • 0

Бір мүгедек бара жатты көлікпен:
Мүгедектерге арналған
Машинаға таңданған
Кейіппен

Толық

Қарап көріңіз