Өлең, жыр, ақындар

Жеңешем

  • 03.08.2019
  • 0
  • 0
  • 5304
Аспанда айға теңесем,
Асыра айтты деме сен.
Өзіңнен артық жан бар ма,
Жеңешем, менің жеңешем?
Ағаның көңлін табасың,
Ананың көңлін табасың.
Бәріне бірдей иіліп,
Бәріне бірдей жағасың.
Риза қайын сіңлің де,
Риза қайын інің де.
Жібектей жұмсақ мінезің,
Жүрекке жылы үнің де.
Ұсынып қымыз, айран ба,
Барыңды бүкпей жайғанда,
Көңілің үшін көл-көсір
Риза саған мейман да.
Риза құрбы-құрдас та,
Риза сыйлы сырлас та.
Өзіңдей асыл жеңгенің
Өмірде орны бір басқа.
Жеңешем, менің жеңешем,
Жаралған жансың ең әсем.
Аспанда айға теңесем,
Асыра айтты деме сен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Арыстан

  • 0
  • 0

Оқудан – алыстан
Келгенде ағам,
Ойыншық арыстан
Әкелді маған.

Толық

Өзіңді өзің күтпесең

  • 0
  • 0

Өзіңді өзің күтпесең,
Өзгеден көмек күтпе сен.
Шалдықсаң ауыр кеселге,
Басталар сарсаң, бітпес ем.

Толық

Құмарпаздың тағдыры

  • 0
  • 0

Көрдім кеше карташы бір досымды;
Қарап қалдым тұрмысына тамсана,
Пайда тапқан қаншама?
Маған барлық шынын айтып шешілді:

Толық

Қарап көріңіз