Өлең, жыр, ақындар

Шыңға шықтым

  • 04.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2344
Мен өзім табиғатқа шын ғашықпын,
Сол үшін көк тіреген шыңға шықтым.
Көзімді тарта берді күн шығыс жақ,
Білмеймін, кімге асықтым, кімге асықтым?
Төбеден төңкеріліп төніп тұрған,
Әлемді тау екен ғой бөліп тұрған.
Шаңқайған шың басына шықсаң егер,
Бәрін де секілдісің көріп тұрған.
Алатау айналаны алдыма әкеп,
Тастады айналдырып баурына әкеп.
Көп талға көзімді алмай қарай бердім,
Сағынган сәулешімнің аулы ма деп.
Көзіме жалындаған ұшқын келді,
Сол жаққа қанат қағып ұшқым келді.
Қолына жұпар иіс гүл ұстатып,
Сәулемді бауырыма қысқым келді.
Көруге, сәулем, сені күнде асықтым,
Сол үшін көк тіреген шыңға шықтым.
Тұрғандай тап қасымда осы бір сәт,
Жалынды жүрегімнен жыр тасыттың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Оқушылар сарайы

  • 0
  • 0

Біз – ерікті елдің жастарымыз,
Қол созған білім мен ғылымға.
Күн сәулелі ашық аспанымыз –
Желбіреген туында.

Толық

Сегіз қырлы, бір сырлы

  • 0
  • 0

«Мен мен едім, мен едім»,
Менменсіген ер едім.
Сегіз қырлы, бір сырлы
Жігіт болсам дер едім.

Толық

Мұсылмандық белгісі

  • 0
  • 0

Айтайын, достар, сырымды,
Сырымды емес, шынымды.
Мінеки, жаным, иманым,
Мінеки, барым, жиғаным.

Толық

Қарап көріңіз