Өлең, жыр, ақындар

Қабақты қату түйіп тым

  • 04.08.2019
  • 0
  • 0
  • 793
Қабақты қату түйіп тым,
Отырдың шетте тұйық тым.
Әлде бір жаннан опық жеп,
Таттың ба уын күйіктің?
Сырыңды іште сақтадың,
Ойыңды ешбір таппадым.
Сұраған едім атыңды,
Күлдің де қойдың, айтпадың.
Шешіліп бір тіл қатпадың,
Қайталап мен де батпадым.
Орала берді бір күдік:
«Қай мінезімнен жақпадым?»
Отырған болсаң жан арып,
Не ақым бар сонша қадалып?
Қолымнан келсе бір көмек,
Көрсетпек едім ағалық.
Қайтейін, қалқам, ұқпадың,
Қинады көңіл жыққаның.
Тоқталып қалды тасымай,
Толқындап келген мықты ағын...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көбей мен көмей

  • 0
  • 0

Қос дипломды Көбейдің
Жалақысы жартымсыз.
Еш дипломсыз Көмейдің
Алатыны алты жүз.

Толық

Қол

  • 0
  • 0

Менің әппақ қолым бар,
Менің қат-қат жолым бар.
Ей, адамдар, қашанда
Тілектесім болыңдар.

Толық

Атжалман

  • 0
  • 0

«Жұт жеті ағайынды» дегенді
Түсініп қалды ел енді.
Айлығың арағыңа жетпей,
Не тамағыңнан өтпей,

Толық

Қарап көріңіз