Өлең, жыр, ақындар

Ақын Күләш

  • 04.08.2019
  • 0
  • 0
  • 954
Айналып өте алмайтын бұбұл әсті,
Желегін желбіретіп бір гүл ашты.
Айнала күлімдеген күнге ұласты,
Айнала тамылжыған үнге ұласты,
Жан тербер жарасымды жырға ұласты.
Ақкөңіл аңқылдаған ағайындар,
Өлеңге ұрған бүгін шын құлашты,
Қуана қарсы алайық бұл КҮЛӘШТІ!
Тілінен тамсандырып бал ағызған,
Үнімен асып түсер Сара қыздан,
Бір саңлақ шықты бүгін арамыздан –
Дарқан ел Үшаралдай даламыздан.
«Шығады талантты ақын қара қыздан», –
Деген шын әділ баға естіп едік
Сөбит пен Әбділдадай ағамыздан,
Айналдық алтын сөзді данамыздан!
Ағайын, айтар бүгін ойымды аңғар:
Көрсетіп көкке жеткен бойын заңғар,
Күндердің күнінде бір Құдай қолдап,
Жүлделі қарындасым тойын қамдар.
Бәйгеден қап қойдық деп мойымаңдар,
Іштарлық, күншілдікке бой ұрмаңдар.
Жыр қуған қыздарың бар, ұлдарың бар,
Күләштің құдіретін мойындаңдар!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қылықты қыз

  • 0
  • 0

Жалт-жұлт етіп жүрісің-ай,
Күншуақтай күлісің-ай.
Сылдыраған бөктердегі
Ерке бұлақ үнісің-ай.

Толық

Сотқар

  • 0
  • 0

Дәулетхан даладан
Бөлмеге келді де,
Отырған манадан
Жанатты көрді де:

Толық

Диплом сыры

  • 0
  • 0

Қалмайын деп жұрттан,
Оқып жүрмін сырттан.
Атын оқу демесең,
Сор-азапқа теңе, сен.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар