Өлең, жыр, ақындар

Амантай кім?

  • 04.08.2019
  • 0
  • 0
  • 883
Амантай кім? –
Қалаулысы халқының,
Қашан көрсең, ашық мінез, жарқын үн.
Ауырмасын деп аяулы адамдар,
Алаңдаумен өткізеді әр күнін.
Амантай кім? –
Сүйіктісі жалпының.
Өркендеткен ғылымдағы қарқынын.
Ең бастысы – денсаулығы адамның,
Керек емес оған күміс, алтының.
Амантай кім? –
Көзін салып Қырымға,
Шарықтаған шырқау шындық шыңында.
Адамдардың амандығын ойлаумен,
Өзін-өзі ұмытқан жан шынында.
Амантай кім? –
Кеудесінде мол арман,
Бақытты жан болашаққа жол алған.
Арттағылар қалмасын деп дертті боп,
Өліп барып, о дүниеден оралған.
Амантай кім? –
Алға тартып шеруі,
Алып шыққан бір Аллаға сенуі.
Өзгелердің тіршілігі – тынысы,
Мұндай жанның мүмкін емес өлуі.
Амантай кім? –
Асылдардың асылы,
Айнымаған алшысынан асығы.
Амантайлар аман болсын әманда,
Аялайды оны алтын ғасыры



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көктікен гүл

  • 0
  • 0

Өсіп тұрған Көктікен гүл құлпырып,
Жарым-жарты солып қалды кенеттен.
Сабағынан салбырап та қылқынып,
Өлетұғын сәтті күтті со беттен.

Толық

Мен сені сүйіп едім, түсінбедің

  • 0
  • 0

Мен сені сүйіп едім, түсінбедің,
Байлықпен бағаланар кісің бе едім?
Табынған тек Тәңірге жан емес пе ем,
Не болды соншалықты кішіргенім?

Толық

Биші қыз

  • 0
  • 3

Бойыңа бар сұлулық жиылғандай,
Ақбалтыр ақ мәрмәрден құйылғандай
Жарқ етіп шыға келдің жұрт алдына,
Биші қыз, ғажап еді биің қандай.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар