Өлең, жыр, ақындар

Алтынбекке

  • 04.08.2019
  • 0
  • 0
  • 768
Қолдаушым әуел бастан халқым деді,
Халқыммен арта берер даңқым деді.
Келеді сол сезімнің желісімен,
Қазақтың қайталанбас Алтынбегі.
Сусамыр жайлауынан бастау алған,
Мейірін мол қандырып Аспарадан,
Алаңсыз ауылдағы жүрген бала,
Есейе бір-ақ шықты астанадан.
Аялап таланты зор талапкерді,
Алматы салауатты сабақ берді.
Тамаша туындысы тырнақалды –
«Сағындым Алматымды» қанат керді.
Құлашын кеңге жайып бара-бара,
Алтынбек арындады даралана.
Айналды ел тағдыры әндеріне:
«Қара шал», «Қара кемпір», «Қара бала».
Қазақтың кең даласын аралады,
Сырларын саздарымен саралады.
Қастерлеп талантты ұлын халқы-дағы,
Ең биік атағымен бағалады.
Өмірдің алай-түлей тартысында
Салмақтай біле білді талқысында.
Елім деп ерен жасқа жетсе-дағы,
Әлі де жігіттей ол алпысында.
Қалықтап көгершіндей өлеңдері,
Күтеді кезегімен белеңдері.
Қазақтың қайталанбас Алтынбегі –
Тіріліп қайта келген Кенендері.

2.01.2008 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шақырып алып көмекке

  • 0
  • 0

Айналайын басқарма,
Сенің көңлің аспанда.
Шақырып ап көмекке,
Жекіресің жастарға.

Толық

Үш тоты

  • 0
  • 0

Рая, Сәуле, Нұржамал,
Жүздеріңнен нұр жауар.
Өздеріңді көрген жан
Бір өртеніп, бір жанар.

Толық

Айналайын алтыным

  • 0
  • 0

Айналайын алтыным,
Есімде балғын бал күнің.
Асыл жарым – жарқыным,
Қимас қызық сол күндерде шалқыдым.

Толық

Қарап көріңіз