Өлең, жыр, ақындар

Мен ерке лақ едім

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 793
Мен ерке лақ едім,
Анадан бір-ақ едім.
Еркетай мінезіммен
Бөбекке ұнап едім.
Мен мөлдір бұлақ едім,
Шатқалдан құлап едім.
Сырнайлы сырлы үніммен
Қыздарға ұнап едім.
Мен жасыл құрақ едім,
Жайқалып тұрар едім.
Жалынды жырларыммен
Жастарға ұнап едім.
Мен биік шынар едім,
Шыңдарға шығар едім.
Сапалы сөздеріммен
Қарттарға ұнап едім.
Мен жарық шырақ едім,
Өсектен жырақ едім.
Әрдайым әділдікпен
Әркімге ұнап едім.
Мен көпшіл ұлан едім,
Қажырлы қыран едім.
Көктейді көңілімде
Арманы ұлан елдің.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шаруа мен қой

  • 0
  • 0

Шаруа Қойды сотқа берді айыптап;
Түнде маған қиянат іс қылды деп.
Табан асты талқан болып Түлкі сот,
Екі жаққа сұрақ қойды байыптап,

Толық

Түйе мен түлкі

  • 0
  • 0

Бір жерде істейтін,
Өмірі ішпейтін
Шақырып Түйені,
Жақпақ боп күйені,

Толық

Келімсек

  • 0
  • 0

Біреулер бар. Жақсылап бір таныссаң,
Сен ол үшін жазушы да, данышпан.
Біреулер бар тағы бір,
Қанша шырқа, бәрібір,

Толық

Қарап көріңіз