Өлең, жыр, ақындар

Астанам

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 552
Алматының көктемі бар керемет,
Дембіл-дембіл күн жауады себелеп.
Бар аймағы барқыт гүлге оранып,
Бұлбұл сайрап, ұшып-қонған көбелек.
Алматының жасыл желек жазы бар,
Жазында оның әсем әуен сазы бар,
Жапырақтай сыбдыр қағып жайқалған
Жастарының жарасымды назы бар.
Алматының ерекше бір күзі бар,
Күзінде оның гүл көктемнің ізі бар.
Жалт қараса жүрегіңді жандырған,
Қырға біткен қызғалдақтай қызы бар.
Алматының албыраған қысы бар,
Қысында оның аққу құстың түсі бар.
Сезіміңді самалымен сергітіп,
Ақ өңірін, пәк көңілін ұсынар.
Алматының таңдары бар шуақты,
Алматының таулары бар бұлақты.
Нұрға толы, жырға толы астанам
Мәңгі жан-жас, мәңгі көктем сияқты.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ауысқан ауыл аты

  • 0
  • 0

Болатұғын бір ауыл,
Кәдімгідей ірі ауыл.
Аты – «Шарапхана».
Мүмкін, бұрын бұл жерде

Толық

Бұлбұлдарым

  • 0
  • 0

Армысың Алатаудың жыршылары –
Бұлбұлдар,
Ақтарылған сыршыл әні.
Бесікте бөбектерім күлімдейді,

Толық

Май келді

  • 0
  • 0

Көктем келді,
Май келді,
Мамыражай ай келді.
Тал-теректер түрленіп,

Толық

Қарап көріңіз