Өлең, жыр, ақындар

Туған жердің алабы

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1006
Туған жердің алабы
Тұла бойды тербеген.
Серік болып самалы,
Желпіндірген желменен.
Құлдыраған қояны
Кесіп өтіп көлденең,
Құлақ тіге қояды
Қыр басынан көк дөнен.
Жусан жапқан жоталы
Қызыл күрең құм белдер.
Бақырауық боталы
Іркес-тіркес інгендер.
Қоралы қой қозылы,
Үйірлер мен табындар.
Бәрінің де өз үні
Өзіндік бір сарын бар.
Көк белдерден көделі
Көтеріліп бозторғай,
Керемет күй төгеді
Бір орыннан қозғалмай.
Жүрегіңе ең жуық
Бабалардың мекені.
Сағым буып, жел қуып,
Бұлдырайды бөкені.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көкек

  • 0
  • 0

Көктем күні болғанда,
Құстар келіп жырлайды
Бұлбұл сайрап орманда,
Бар табиғат тыңдайды.

Толық

Қолғап

  • 0
  • 0

Ойсыз бала оқыста
Атып ұрды қоқысқа
Киіп жүрген қолғабын:
«Енді суық болмайды,

Толық

Жыл он екі ай

  • 0
  • 0

Ақ мақтадай қары бар,
Аязы бар, әні бар.
Дүниені жаңартқан
Қаңтарды сен танып ал.

Толық

Қарап көріңіз