Өлең, жыр, ақындар

Жеңіл жүрсең, жеңілтек дос табарсың

  • 05.08.2019
  • 1
  • 0
  • 1215
Жеңіл жүрсең, жеңілтек дос табарсың,
Көбелектей жел қуған қостанарсың.
Ажарың мен базарың тарқаған соң,
Керексіз боп ешкімге бос қаларсың.
Көп болғанда күлкімен он жыл өтер,
Аямайды уақыт – мол жүдетер.
Әрің менен нәріңді қатар сорып,
Қос кеудеңді босаған қоржын етер.
Сонда ғана өкініп, аһ ұрарсың,
Көңіліңді қайғыға батырарсың.
Сені сүйген жалғыз-ақ адам барын
Сонда ғана түсініп, шақырырсың.
Бәрібір, мен өзіңді сағынармын,
Жазуына Тәңірдің бағынармын.
Саған деген ынтығым сөнбек емес,
Сол кезде де қасыңнан табылармын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Самайға сәуле түсіп күміс қырау

  • 0
  • 0

Самайға сәуле түсіп күміс қырау,
Жетпістің жотасында тұрыс мынау.
Қалдырып балалық пен шалалықты,
Көз салып өткен күнге, құрыстым-ау.

Толық

Ризамын барға

  • 0
  • 0

О, Алла, Алла,
Ризамын барға.
Ақырындап, жайлап
Жылжыта бер алға.

Толық

Көмек

  • 0
  • 0

Колхоздың сырдаң жастары,
Қосылмас тіпті бастары:
Біреуі қашса далаға,
Кетеді бірі қалаға.

Толық

Қарап көріңіз