Өлең, жыр, ақындар

Жеңіс жалауы

  • 05.08.2019
  • 0
  • 1
  • 19397
Жеңіс тіпті оңайлықпен жеткен жоқ,
Дұшпан бізге аяушылық еткен жоқ.
Соғыс бітіп, талай жылдар өтсе де,
Қияметі бастан әлі кеткен жоқ.
Жауқазындар желектерін жайғанда,
Жайраң қағып шығушы едік сайранға.
Сойқан соғыс басталды да кенеттен,
Кете бардық аттанып қан майданға.
Отан үшін арпалыстық, алыстық,
Қас дұшпанмен қасарыстық, қарыстық.
Жанымызды, тәнімізді табыстап,
Қара жерге ағып жатты қан ыстық.
Қаншалықты қарысқанмен қайрат қып,
Жерге тығып, жауыздарды жайраттық.
Қанға бөгіп қан майданда қалсақ та,
Гүл өңірді, нұр өмірді жайнаттық.
Желбіретіп жеңіс деген жалауды,
Тарихтағы толтырдық бір тарауды.
Ұрпағымыз өтер мәңгі ардақтап,
Жеңімпаздар қалдық кәзір санаулы.



Пікірлер (1)

Аңсар

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Қаншалықты кернегенмен күш-ағын

  • 0
  • 0

Қаншалықты кернегенмен күш-ағын,
Көк төсінен құласа егер ұшағың,
Қасіретін ешкімнен де көрмегін,
Жаратқаннан келген ол бір құса-мұң.

Толық

Піл

  • 0
  • 0

Ең алып аң піл деген,
Ыстық жақта мекені.
Салмағы да мүлде ерен
Он тоннаға жетеді.

Толық

Вампирлер

  • 0
  • 0

Вампир деген – қанқұр деген,
Жаналғыш Нәңкүр-Мәңкүр деген.
Яғни, адам қанын сору деген,
Сол арқылы күнін көру деген.

Толық

Қарап көріңіз