Өлең, жыр, ақындар

Жанымды ұғынатын жан көрмедім

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1000
Жанымды ұғынатын жан көрмедім,
Әркімге жалтақтауды жөн көрмедім.
Өздерін өзгелерден зор санайтын
Жандарды өзімменен тең көрмедім.
Жетісіп тұрмаса да күйім менің,
Жетістім дегендерге иілмедім.
Адамды өлшесе кім ақшаменен,
Сол болды өмірдегі күйінгенім.
Болмаса бір басының имандары,
Тырбанып кімге қалар жиғандары?
Ажалы тіктеп келген сағатында,
Өзіне дем болар ма құйған дәрі?
Мүмкін, сен балама деп тырбанарсың,
Салтанат сарай салып, ырғаларсың.
Айтусыз ажал жетіп келген күні,
Бәрінен дүниеңнің құр қаларсың.
Қазаңа қарақұрым ел жиылар,
Көзінен кейбірінің сел құйылар.
Бәрібір, бар байлығың босқа қалып,
Өзіңе бір-ақ шұңқыр жер бұйырар.
Осыны тірлігіңде ойладың ба?
Жайраңдап жүре бердің тойладың да.
Дүние даңдайсыған бәрі бітер,
Денеңді қара жерге қойғанында.
Кейбіреу «сол керек» деп күліп қалар,
Атың да бірте-бірте ұмыт болар.
Кімде-кім Құдай берген талантпенен,
Биікке самғай берсе қанатпенен,
Көгінде сөнбес күн боп тұрып қалар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сайтандығың санамды шын сыздатты

  • 0
  • 0

Сайтандығың санамды шын сыздатты,
Жүрегімді жандырды да мұздатты.
Екеуіміз екі шоқы екенбіз,
Арамызда аттай алмас құз жатты.

Толық

Ұйқамақ

  • 0
  • 0

Ел билеген бір бастық,
Жүрді зор боп дүр бастық.
Түкірігі жерге түспеді,
Өз білгенін істеді.

Толық

Шындық пен өсек

  • 0
  • 0

Кісі сөзін кісіге
Таси көрме, қарағым.
Ізгі жанның ісі ме
Жігін ашу араның?

Толық

Қарап көріңіз