Өлең, жыр, ақындар

Алып кетем деп келмедім өмірге

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1201
Алып кетем деп келмедім өмірге,
Қалып кетем деп келмедім тегінде.
Ақиқат қой әйтеуір бір өлмегің –
Міндетіңді өткермегің өмірде.
Сездім-дағы санаулы күн салмағын,
Салтанатты сарайды да салмадым.
Қолдан келер Құдай берген сыбаға –
Қарапайым қара өлеңді таңдадым.
Демеймін мен көп қиындық көрмедім,
Кейде өмірдің таттым улы шөлмегін.
Шабыт келген шақтарымда шалқыдым,
Өлең, бірақ, болған емес ермегім.
Орайыңа келмей жатса иіні,
Оңай емес өлең сөздің күйігі.
Сонда-дағы селт етпедім сескеніп,
Әркімнің өз бар емес пе биігі?
Сол биікке жеткенімше танбадым,
Байлық іздеп, басқа жолға бармадым.
Қадарынша жұмсағанмен күшімді,
Дей алмаймын аса биік самғадым.
Бірақ, бірақ, менің кейбір сөздерім
Салмақтырақ сарайынан өзгенің.
Мәңгілікке сөз қалғанмен жалғасып,
Сарайлардың көре алмадым төзгенін.
Тау мүжіліп, өзен-көл де сарқылған,
Тақ та тозған соғылған саф алтыннан.
Сен өлсең де, сақтап қалған сөзіңді,
Айналайын қасиетті халқымнан.
Еріп кетем деп келмедім өмірге,
Беріп кетем деп келгенмін тегінде.
Бір ауыз сөз қалдырмасам халқыма,
Текке келіп, текке өлгенім менің де.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алматы – әсемдік қаласы

  • 0
  • 0

Алматы – әсемдік қаласы,
Көз тоймас көркіне.
Алатау асқарға қарашы,
Қаласың желпіне.

Толық

Сот бары

  • 0
  • 0

Жолдасыммен жақында
Бір қалада болып ем,
Көшелерін шолып ем,
Әңгіме сол қақында.

Толық

Оралдың масасын-ай

  • 0
  • 0

Оралға барсаң оңбайсың,
Масасы талап, сорлайсың.
Керемет қонақүйіне
Бір күн де жөндеп қонбайсың.

Толық

Қарап көріңіз