Өлең, жыр, ақындар

Туған жер

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2277
Туған жерім – бесігім,
Күн нұрына бөленген.
Қандай ыстық есімің?
Аңсап сені келем мен.
Жасыл жайлау белдерің
Гүлдерімен тербелген.
Айдын шалқар көлдерің
Кең далама өң берген.
Мөлдіреген бұлағың
Ішсе, мейір қандырған.
Домбырамның құлағын
Күмбірлетіп, ән қылған.
Самал желің есілген
Аймалайды тәнімді.
Байтақ далаң көсілген,
Аялайды әнімді.
Бақыттымын мен аса
Туған жердің төсінде.
Туған жерім болмаса,
Болмас едім өзім де.
Туған жердей жерімді
Қайдан іздеп табамын?
Егеменді елімді
Шырқап әнге саламын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Туған күн тойыңа

  • 0
  • 0

Өтіп жатыр бір тойың –
Қос жиырма гүл тойың.
Кеуделерде күй толы,
Әзіл-сықақ, күлкі, ойын.

Толық

Есек

  • 0
  • 0

Юпитер кеп, аң, құстарды ап есепке,
Жаралғанда күллі әлем,
Жаралыпты Есек те.
Тап осындай уақытта дүрбелең

Толық

Жалбарыну

  • 0
  • 0

О, Алла!
Алла, Алла!
Ғұмырымды жалға,
Жылжыт мені алға,

Толық

Қарап көріңіз