Өлең, жыр, ақындар

Сәт сапар

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 4260
Желпіндіріп жарқын жүзді жастарды,
Міне, жаңа оқу жылы басталды.
Сақадай сай студенттер қауымы
Бағындырмақ алда талай асқарды.
Бәрінің де бойларында талап бар,
Самғап ұшар ойларында қанат бар.
Сан алуан кітаптарды парақтар,
Біреуінен бірі қызық сабақтар.
Жанарлары жарық жұлдыз, арайлы,
Ұстаздар да шәкірттерге қарайды.
Бүгінгі күн білім қуған студент
Ертеңгі күн ерлері деп санайды.
Университет бөлмелері көңілді,
Әр жүректен керемет күй төгілді.
Сол бір сәттен босағаны аттаған
Кең өмірдің көкжиегі көрінді.
Барған сайын мол білімге тереңдер,
Сапарларың сәтті болсын, өрендер.
Әлі жаспыз, уақыт бар демеңдер,
Сендерсіңдер келер күнгі кемеңгер.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жанашырым

  • 0
  • 0

Өзіңсің – анашым да жанашырым,
Көзімде күлімдеген қарашығым.
Өмірде не жақсылық жасар болсам,
Бір саған арналады бар асылым.

Толық

Екеуінен жаралғам

  • 0
  • 0

Әкем менен анамды
Бөліп айта алам ба?
Екеуіндей адамды
Бұл әлемнен табам ба?

Толық

Қазақтың арулары

  • 0
  • 0

Сымбатты, сұлу ғажап тым,
Қыздары қандай қазақтың.
Көрмесе сағындырған,
Көркімен табындырған.

Толық

Қарап көріңіз