Өлең, жыр, ақындар

Ұлы дала

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 4561
Ұлы дала – ұлылардың даласы,
Өмір сүрген даналардың данасы.
Ағайынды алты Алаштың баласы –
Алтай менен Атыраудың арасы.
Төлебидей билік айтқан дана би,
Құрманғазы, Тоқа... тартқан дара күй.
Бұл даладан бастау алған Бейбарыс,
Баласағұн, Дулати мен Фараби.
Ұлы дала, қасиетіңнен айналдық,
Ұланың боп қазығыңа байландық.
Өсіп-өніп Бәйдібектей бабадан,
Үйсін деген ұлы елге айналдық.
Бәйдібекті ел бәйтерекке балаған,
Марау, Зеріп, Нұриладай анадан:
Сарыүйсін, Шапырашты, Ошақты,
Ысты, Албан, Суан, Дулат тараған.
Ұлы дала – ұлан елдің бесігі,
Жетіп жатыр Алла берген несібі.
«ҰЛЫ ДАЛА» – ортақ отау бәріне,
Төрі дайын, ашық дәйім есігі.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Неге қайттым Гаградан?

  • 0
  • 0

Гаграда болып едім,
Бір сұлуды көріп едім.
Жастық шақты есіме алып,
Ағыл-тегіл еңіредім.

Толық

Баптаудамыз кімдерді?

  • 0
  • 0

Көтеріліп, көктен қарап аңғарға,
Халық қамын ойлайтұғын жан бар ма?
Өз төлі үшін, өз жері үшін жан беріп,
Өз өрісін аялаған аңдар да.

Толық

Гүлім-гүлім

  • 0
  • 0

Аспандағы айым
Нұрын төккен сайын
Алаулайды жүрегім
Сені көрген сайын.

Толық

Қарап көріңіз