Өлең, жыр, ақындар

Мәңгілік мекен

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1839
Жас нәресте көзін алғаш ашқанда,
Қадалады жарық дүние аспанға.
Содан кейін аялайды анасын,
Жақын тартып бауырына басқанда.
Жер бетінде келгенімен өмірге,
Екі көзі болар дәйім көгінде.
Қыран құстай қаққан күннен қанатын,
Көк төсіне талпынуы тегін бе?
Тірегі оның табан асты тегістік,
Бірақ, бірақ, тартып тұрар кеңістік.
Зымыран боп, жұлдыздарды аралау –
Болар дәйім бас арманы жеңістік.
Асқақ арман алыстарға шақырар,
Адам содан аспан көкке атылар.
Қанша биік ұшқанымен шарықтап,
Мақсатына жетпей, бір күн аһ ұрар.
Қанша биік көтеріліп жоғары,
Көк төсінің болғанымен қонағы,
Қысқа ғана тіршілігі таусылып,
Адам қайта жер бетіне қонады.
Жаратты Алла он сегіз мың ғаламды,
Тал-дарақты, жан-жануар, адамды.
Ақырында мәңгі-бақи мекенің –
Тірейсің сен жер бесікке табанды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көйлек хикаясы

  • 0
  • 0

Арман таңнан заулайды,
Тайбурылдан аумайды.
Төбешіктен қарғиды,
Көк шалғынға аунайды.

Толық

Шабан мен жолаушылар

  • 0
  • 0

Күн төбеде зілдене,
Жүк артып бай үйіменен,
Төрт ат жеккен күймемен
Тырбанды.

Толық

Сен Таразға кеткенде

  • 0
  • 0

Тұңғиыққа сен мені
Тастап кеттің деп ұқтым.
Бір қызықты көргелі
Бастап кеттің деп ұқтым,

Толық

Қарап көріңіз