Өлең, жыр, ақындар

Несіне мен өкінем?

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1161
Ей, көріктім, көріктім,
Саған қалай еліттім?
Саған қалай сеніппін?
Қалай тізгін беріппін?
Жылтыраған көзіңе.
Сылдыраған сөзіңе
Сенгенімді беріле
Білмей қалдым өзім де.
Мына ғажап кеңісте
Санап едім періште.
Асығыстық жасаппын,
Шықты бәрі теріске.
Тұяқ болмас шағылмас,
Жақ та болмас жаңылмас.
Толық тани алмаппын,
Кешіре гөр, қарындас.
Сүйемін деп бекіп ем,
Несіне мен өкінем?
Алшақ екен арамыз,
Кешіре гөр, өтінем.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Отырмын гүлді алаңда

  • 0
  • 0

Ысырып бұлтты аулаққа,
Күлімдеп көкте күн тұрды.
Күркіреп өзен тау жақта,
Бау-бақша қайта құлпырды.

Толық

Жаңақорған

  • 0
  • 0

Қаратаудың бөктерінде
Қанат жайған көкке өріле,
Жадыратып көңілдерді,
Жалындатып өмірлерді,

Толық

Шаруалар мен өзен

  • 0
  • 0

Шаруалар шықты төзім, шыдамнан,
Судан керген лаңнан:
Бұлақтар мен жылғалар
Тасыған бір кезеңде.

Толық

Қарап көріңіз