Өлең, жыр, ақындар

Жылқы жылы

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2586
Жылқы жылы келіпті,
Жануар ғой көрікті.
Елімізге ерекше
Ыстық сәлем беріп тұр.
Болуымыз бір тілді,
Болуымыз бір дінді,
Асыл малдың арқасы –
Ардақтай біл жылқыңды.
Қызылжар мен Түркістан,
Батыс пенен Шығыстан
Шыққан қарт пен жастары
Бір-ақ тілде ұғысқан.
Қанаты талып сұңқардың,
Шақырымдар шырқар мың,
Қарға адымдай көрінген
Арқасында тұлпардың.
Оңтүстік пен Терістен
Ат арытып келіскен
Алты Алашты арыстар
Құшақтасып көріскен.
Құшақтасып көріскен,
Әңгімесі келіскен.
Құдай қосқан құда боп,
Қыз алып, қыз беріскен.
Бірін-бірі жақтаған,
Бірін-бірі мақтаған.
Ұлан байтақ жерінің
Тұтастығын сақтаған.
Жылдары да Ақтабан,
Ерлер тұлпар баптаған.
Қарсы шапқан қаймықпай
Қалмақтарға қаптаған.
Қазағымның қалқасы,
Алтын орда Арқасы –
Асқақтаса Астана,
Тұлпарлардың арқасы.
Тектен-текке бұл күнің
Келмегенін біл, күнім.
Тәуелсіздік жолында
Үлесі зор жылқының.
Жүйткіп жүйрік жылқымыз,
Күндей күліп күлкіміз,
Жасай берсін жайраңдап,
Қалың қазақ жұртымыз.
Желдей есіп қағатын,
Жылқы – ердің қанаты.
Қазақ жері – жылқының
Жерұйықты жаннаты.
Жылқы – елдің жыр-әні,
Жылқы – ердің пырағы.
Жана берсін жарқырап
Қазағымның шырағы!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тасбақа

  • 0
  • 0

«Асты-үсті тарғыл тас,
Ортасыңда шандыр бас»,
Анау-мынау жауына
Оңайлықпен алдырмас.

Толық

Телефонның монологы

  • 0
  • 0

Телефонмын тілім жоқ,
Бірақ, маған тыным жоқ:
Сағынысқан жүректерді жалғаймын,
Алып ұшқан тілектер боп самғаймын.

Толық

Мәңгілік мекен

  • 0
  • 0

Жас нәресте көзін алғаш ашқанда,
Қадалады жарық дүние аспанға.
Содан кейін аялайды анасын,
Жақын тартып бауырына басқанда.

Толық

Қарап көріңіз