Өлең, жыр, ақындар

Барады күндер өтіп

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1441
Күндер өтіп барады, күндер өтіп,
Тәтті ұйқыға бөленген түндер өтіп.
Көпшіліктің көңілін күпті етуде
Күйкі тірлік күнделік діңкелетіп.
Өткен күндер өтті ғой, не дейсің сен?
Жақсы-жаман кетті ғой демейсің сен.
Өткен күндер ешқашан оралмайды,
Уақытты қалайша бөгейсің сен?
Өтпесе де тамаша тойсыз түндер,
Талай-талай өтті ғой ойсыз күндер.
Ерекше бір еске алып елең етіп,
Жан болар ма таңданып: «Ой, сіз кім?» дер.
Ақын болғын, мейлі сен батыр болғын,
Ел билеген айбарлы әкім болғын.
Мақтап-мақтап көпшілік көме салар,
«Өлдің Мамай, қор болдың», пақыр болдың.
Жетің өтер, қырқың мен жылың өтер,
Бас қосуды дос-жаран ырым етер.
Ақырғы рет еске алып ас үстінде,
Содан кейін біржола күнің өтер.
Шынымен-ақ, достым-ау, өлгенің бе?
Кіргенің бе тас түнек көрге мүлде?
Еш болмаса ерте-кеш есте қалар,
Елің үшін бір нәрсе бермедің бе?
Қорықпаймын өлімнен – заңдылық қой,
Бір саңқ еткен тіршілік жаңғырық қой.
Бір Алладан басқаның бәрі өткінші,
Бола бермес өмірде мәңгілік той.
Бұл адамға бақ емес жиған мүлік,
Қала алмассың салтанат үй салдырып.
Қалады тек ел үшін еткен еңбек,
Бір Аллаға құлшылық – имандылық.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қамқор

  • 0
  • 0

Тоқ!
Тоқ!
Тоқылдақ
Тынбайды тоқылдап.

Толық

Көз алдымда бір бейне

  • 0
  • 0

Көз алдымда күлімдеген бір бейне,
Көк белдегі үлбіреген гүлдей ме?
Гүлге елітіп елжіреген жанымды
Сол бір сұлу білдеді ме, білмей ме?

Толық

Үйрену

  • 0
  • 1

Ұзын құйрық инелік,
Инелікке тимелік.
Ұшақтарды жасадық
Инеліктен үйреніп.

Толық

Қарап көріңіз