Өлең, жыр, ақындар

Он алтыншы желтоқсан

  • 07.08.2019
  • 0
  • 1
  • 7054
Еркін өскен ертеден ел екенбіз,
Кең даладай мейірлі, кең екенбіз.
Байлықпенен жарасқан берекеміз.
Көп қой біздің думан-той, мерекеміз.
Көкпар тартып, бәйгелеп қыр басында,
Думандатып тойлаймыз жыл басын да.
Дүниеге іңгәлап бала келсе,
Туған күнін тойлаймыз, бір жасын да.
Айта берсек термелеп, тойымыз көп,
Тойға сояр ту бие, қойымыз көп.
Тойлап жатсақ әр күнді қуанышты,
Тоқтау салмас ешкім де қойыңыз деп.
Тойы бар ғой тойдың да жарқылдаған,
Халқымыздың қадамы қарқындаған.
Қой ұстіне бозторғай ұялаған,
Бүгінгідей қайда бар жарқын заман?
Астана етіп аялар Ақорданы,
Тәуелсіздік еді ғой ел арманы.
Жиырмасыншы ғасырда қол жеткізіп,
Ел болдық қой еңселі, кең арналы.
Он алтыншы желтоқсан – ұранымыз,
Он алтыншы желтоқсан – жыр-әніміз.
Тойламасақ бұл тойды дүрілдетіп,
Қалың елдің алдында күнәліміз.
Бұл күн үшін күрескен бабалар да,
Бұл күн үшін тірескен ағалар да.
Бұл күнді біз ерекше қастерлейік,
Өмір-өзен тоқтаусыз ағады алға.



Пікірлер (1)

Жиенәлі Толғанай

Мен толғанай.мен осы өлеңдерді жаттадым.шынымен!сіздерде жаттаңдар!өте керемет!тамаша!

Пікір қалдырыңыз

Қасиет

  • 0
  • 0

Бұл адам өмірді бір рет сүреді,
Тірліктің қысқасын тым жақсы біледі.
Осынша аз ғана уақыт ішінде
Сан рет жылайды, күледі.

Толық

Бір әрекет етейік

  • 0
  • 0

Тағы да бір зұлматтың
Басталғандай белгісі.
Өмір деген қымбат тым,
Келер кімнің өлгісі?

Толық

Керек

  • 0
  • 0

Балаға ана керек,
Анаға бала керек.
Қорғайтын екеуін де
Отаны – пана керек.

Толық

Қарап көріңіз