Өлең, жыр, ақындар

Жата бергім келеді

  • 07.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1461
Жата бергім келеді, жата бергім,
Тәтті ұйқыға балбырап бата бергім.
Ей, аруақ, азырақ тоқтай тұршы,
Біраз өмір сүруге бата бергін.
Не күтесің орынсыз асыққанмен?
Өмір сүре тұрайын ашық таңмен.
Тірлігімде тудырған талай өлең,
Қоштасайын дұрыстап ғашықтармен.
Пенделіктен десем де аса алмадым,
Тірлігімде қиянат жасамадым.
Бірінен соң арманның бірі биік,
Шын биігін шыңырау баса алмадым.
Кез жетсе де қалатын кебін киіп,
Бәрінен де бәрінен көңіл биік.
Қуа бергім келеді, қуа бергім,
Қашса дағы зымырап өмір-киік.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Адам мен хайуан

  • 0
  • 0

Бұл адам өмірге не үшін келеді?
Өмірдің өрісін, кеңісін көреді.
Тамаша табиғат тынысын аялап,
Тәңірдің бұйырған жемісін тереді.

Толық

Телефон

  • 0
  • 0

Әлі отырмын телефонды күзетіп,
Естілмейді ешбір дыбыс ыз етіп.
Қанша уақыт күткеніме үмітті,
Кеткендей бір көктем мен жаз, күз өтіп.

Толық

Тістің тақсіреті

  • 0
  • 0

Бірде ауырып тісімнің,
Бұзылғаны түсімнің.
Ондай дерттің не екенін
Сонда ғана түсіндім:

Толық

Қарап көріңіз