Өлең, жыр, ақындар

Мен кіммін?

  • 07.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2346
О, Алла, Алла!
Жерімді, Елімді,
Өзімді жаратқан
Бір өзіңе құлмын.
Өз жерімде күнмін,
Өз елімде дүрмін.
Жерім мен елім үшін,
Еңбек етіп жүрмін.
Өз ділімді.
Өз тілімді
Көтермесем, кіммін?
Онда мен жүнжіген жүнмін,
Алақұйын жынмын.
Ұнатпасам өз тілімді,
Ұстамасм өз дінімді,
Онда мен кіммін?
Алдым – ор, терең құрдым.
Сондықтан да, елім үшін,
Туған жерім үшін,
Жауға қарсы тұрдым,
Басымды құрыққа ілдім.
Қақтамасам қанымды,
Сақтамасам арымды,
Бермесем елге барымды
Онда мен не үшін тудым?
Тер төкпесем ел үшін,
Өмірге келдім не үшін?
Не мақсатты қудым?
Құлшылық етсем Құдайға,
Оңымнан туып Күн, Ай да,
Бөленермін шапағатына нұрдың.
Жарылқай гөр, Жаратқан,
Өзіңмен жарық таң атқан,
Өзіңмен адам болып жүрмін.
Өзіңмен ғана ұлмын,
Өзіңе ғана құлмын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бастау

  • 0
  • 0

«Әліппені» аш, қалқам,
«А» әрпімен басталған.
Алла дейміз әуелі,
Алла сөзі әдемі.

Толық

Туған жердің алабы

  • 0
  • 0

Туған жердің алабы
Тұла бойды тербеген.
Серік болып самалы,
Желпіндірген желменен.

Толық

Саққұлақ

  • 0
  • 0

Қашан көрсең Тыңбайды,
Көк шыбықты ат қып ап,
Үйінде бір тұрмайды,
Күні бойы шапқылап.

Толық

Қарап көріңіз