Өлең, жыр, ақындар

Парнас

  • 07.08.2019
  • 0
  • 0
  • 842
Аймақты әркім бөліп-бөліп алыпты,
Құдайларды гректерден қуғанда.
Парнас тауы тиген екен бір жанға,
Ол айдап кеп Есектерді бағыпты.
Мұнда әу баста тек Музалар тұрыпты,
Оны Есектер әлдекімнен біліпті.
Депті: «Бізді Парнасқа
Әкелмеген жай босқа.
Музалар шын жалықтырып біткен ғой,
Қожа бізден жақсы әуен күткен ғой»,
«Мен бастайын, – деп бір Есек ақырды, –
Жасайық та батылдық,
Әнге басып тиімді,
Мадақтайық үйірді!
Даусымызды зор қылып,
Ел тыңдайтын алайық бір хор құрып!
Табысымыз жаман емес десек те,
Тәртіп керек түбі ұятқа қалмасқа:
Кімнің даусы ұқсамаса Есекке,
Ондайларды жолатпайық Парнасқа».
Есек құптап Есекті,
Басталды ойын кезекті:
Қаңғыраған арбадайын қиқылдақ,
Қоя берді шиқылдап.
Сондай әуен бола ма?
Қожайыннан төзім кетсе, оңа ма?
Бар Есекті қамап қойды қораға.
Құр ашудан наданға ақыл қона ма?
Халық сөзі сәуле берді санама:
Ақылсыз бас – асқабақ,
Оған ақыл бере алмассың басқарақ.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әншілер

  • 0
  • 0

Көрші сыйлап көршісін,
Қонақ қылып, ас берді,
Бірақ, ойы басқа еді:
Тыңдатқысы келген біраз әншісін.

Толық

Бұлбұлдарым

  • 0
  • 0

Армысың Алатаудың жыршылары –
Бұлбұлдар,
Ақтарылған сыршыл әні.
Бесікте бөбектерім күлімдейді,

Толық

Келімсек

  • 0
  • 0

Біреулер бар. Жақсылап бір таныссаң,
Сен ол үшін жазушы да, данышпан.
Біреулер бар тағы бір,
Қанша шырқа, бәрібір,

Толық

Қарап көріңіз